Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласында тағы да шу. Бүтін бір мектепте сабақ өтпей қалды. Сайрам ауданына қарасты Ақтас-2 ауылының оқушылары дәріске қатысқан жоқ. Бұған себеп — жер дауы. Амалы таусылған ата-аналар енді соңғы амалға көшсе керек.
Тозығы жеткен мектептегі 9 сынып бөлмесі де қаңырап тұр. Мұнда барлығы 150 оқушы оқиды. Бүгін олар сабақтарына келмеді. Осы әрекеттері арқылы биліктің назарын өздеріне аудартпақ.
Айжан Тоғызова, мұғалім: «Бірінші сабаққа келсем оқушыларым жоқ. 4 сыныпта 11 оқушы бар. Соның бір- ақ оқушы отыр сабақта. Не істерімді білмедім. Бір оқушымен қалай сабақ өтем мен. Ары отырдық, бері отырдық, жан- жақтағылар бірінші ауысымдағыларға кіріп оқушыларды қарадым барлық сыныптарға кіріп. Оларда да оқушылар жоқ».
Есесіне балаларының орнына партаға ата-аналары жайғасты. Олардың бар тілегі — мектепке деп өздері пай үлестен бөлген жерді қайтартып алу. Жекенің қолынан емес, бұрынғы мектеп директорынан. Даудан хабардар болған әкім де, білім бөлімінің басшылары да келді. Тіпті депатут та осында. Нәтижесінде мектепке деп бөлген 5 гектар жердің үш гектарын беретін болып келісті. Оған қоса 250 орындық білім ошағын салу жайы да сөз болды.
Ілияс Марин, ауыл әкімі: «Жобалық сметалық құжаттарын дайындауға келесі жылға қаржы қаралып қойған. Сондықтан жер мәселесін шұғыл түрде шешіп, АПЗ дайындап қоймасақ бізге минус болады. Сондықтан госАКТЫ болмаса бұл жерге проектный сметный документке қаржы бөлінбейді.Соответственно құрылысы да созыла береді».
Ал аудандық білім бөлімінің өкілдері мәселені ушықтырмай шешуге уәде берді.
Жидегүл Сәдірмекова, Сайрам аудандық білім беру бөлімі бастығының орынбасары;» Бүгін кешке дейін шешіледі. Ертең балалар сабаққа келеді».
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CcHnTXuP_bo[/youtube]