«Уәде бергіштердің бәрі өтірікші»

501

Аудан әкімдерінің жылдық есебінде қойылған сауалдардың дені коммуналды шаруашылық саласына қатысты болды. Бүгін ТҮКШ бөлімінің басшылары өз саласына қатысты сол сауалдарды қарастырып, жауап беруін бастады.

Көкейіндегі сауалдарына тезірек жауап алғысы келген жерлестеріміз төбелеске де дайын екенін бірден аңғартты. Жас балаша жаға жыртыса жаздағандардың шағымы да көп. Бәрінің айтары – жарық, көгілдір отын және ауызсу мәселесі. «Ақтас» елді мекенінің тұрғындары 2012 жылдан бері көгілдір отын мәселесін көтеріп жүр. Бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Әр басшыдан әр түрлі жауап ест іген ола кімге сенерімізді білмейміз дейді. Қолдарында шенеуніктердің жазған хаттары бар. Олар бүгін де мардымды жауап алмадық деп ашынады.

«Уәдені үйіп төгіп беретін жауаптылар бәрі өтірікші» деп айқайлады ашуланған жұрт.
ТҮКШ бөлімінің басшысының жауабына қанағаттанбаған тұрғындарға осыдан екі жыл бұрынғы басшылар «сіздерді көгілдір отынға қосамыз» деп уәде беріпті. Бірақ әлі күнге дейін мыңға жуық отбасы көмір жағып күнелтуде. Есесіне жеке меншік компаниялар «250 мың теңгеден жинасаңдар, көгілдір отынды лезде жүргізіп береміз», деп белсеніп отыр екен.

Айтыс тартыс көп болған шенеуніктер де уәдені үйіп берді. Көпшілікті бәрін жасаймыз деп жұбатты. Ендігі кездесу – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысымен ертеңсағат 15:00- де өтеді деп жоспарланған.

Нұрлан Күдерұлы