Қоқыстың басым бөлігі Ақтасқа тасылуда

343

Шымкенттегі қоқыс полигоны 2015 жылдың 15 наурызы күні жабылғаны белгілі. Содан бері қалалықтардың қатты тұрмыстық қалдықтары Ақтастағы жаңа қоқыс полигоны мен Мәртөбедегі қоқыс алаңына тасыла басталған еді.

001

Дегенмен, Сайрам ауданынан қалаға қосылған мәртөбелік тұрғындарды бұл өзгеріс қуантпады. Шаһардан шығарылатын қоқыс қалдықтарының 30 пайызы дәл осы Мәртөбеге төгіліп жатқаны ауылдықтардың шамына тиген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7vmR0GLtqTo[/youtube]

Жақында християн қорымына дейін қордаланған қоқыс тазартылды. Енді қаладан шығатын қалдықтың басым бөлігі Ақтасқа жөнелтіліп жатыр.