Жыл аяғына дейін "Нұртастағы" мыңға жуық үй толықтай мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін болады
Жыл аяғына дейін "Нұртастағы" мыңға жуық үй толықтай мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін болады
Жыл аяғына дейін «Нұртастағы» мыңға жуық үй толықтай мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін болады

«Жаңа жылды жарықта отырып қарсы алатын болдық». «Нұртас» шағынауданының жұрты елден сүйінші сұрайды. Естеріңізде болса, осыған дейінгі жаңалықтарымызда жеке трансформатордан электр қуатын алған елдімекен жұрты сапасыз жарықтан ығыр да, зығыр болған жанайқайларын арнамыздан бірнеше рет көрсеткен едік. Енді міне, абонененттерінің 90 пайызы мемлекеттік жарыққа қосылған ауыл жұрты ештен кеш жақсы деп қуанып жүр.

Марат Атабаевтың отбасында соңғы 3-4 күннен бері қуаныш. Енді олар тоққа қосылатын құрылғылары үшін алаңдамайды. Өйткені, шаңыраққа мемлекеттік электр қуаты жетіп, жарыққа қарық болып қалды. «Төрт жыл бойы жеке трансформатордан жарық алдық. Апталап майшаммен отырған кезіміз де болды. Үйдегі тұрмыстық техникалар күйіп, әбден абыржыдық. Енді міне, көзіміз ашылды да қалды. Рахмет әкімдікке»,- дейді ағынан жарылып.

Марат секілді Нұртастағы 600-ге жуық үйдің тұрғындары да бөркін аспанға атып жүр. Бұрын әл киловат үшін 24 теңгеден төлейтін жұрт енді мемлекеттік стандарт бойынша есептесетін болады.

Сөйтіп, мемлекеттік жарық берудің бірінші кезеңі бойынша Нұртастағы 9 трансформатордың 7-уі ортақ жүйеге қосылды. Қалған 200-дей үй жаңа жылға дейін 100 пайыз мемлекеттік жарыққа қол жеткізетін болады.

Еңбекші аудандық әкімдігі жаңа жылдан бастап «Нұртастың» екінші бөлігіндегі 430 баспананы екінші кезең бойынша мемлекеттік жарыққа қосамыз дейді. Аудан бойынша «Нұртастан» бөлек, жарыққа жарымаған әлі «Шаңырақ» және «Бадам-195 орам» деп аталатын ауылдар бар.