Офтальмологтар көздеріңізге абай болуға шақырады

462
Көз дәрігерлері жаңа жылдық мерекелерде абай болуды өтінеді
Көз дәрігерлері жаңа жылдық мерекелерде абай болуды өтінеді
Көз дәрігерлері жаңа жылдық мерекелерде абай болуды өтінеді

Облыстық офтальмологиялық ауруханасында Жаңа Жылдық кезекшілік кестесі түзілді. Дәрігерлер жарылғыш заттардан  зардап шеккендер болмаса екен деп  тілейді.  2010 жылы  медициналық көмекке жүгінген 16 баланың 5-уі ауруханаға жатқызылса, 2011 жылы 12 баланың 7-уі ем қабылдаған.

Дулат  Үдербаев, облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері: «Биылдыққа жарылғыш заттардан зардап шеккен бір бала тіркелді. Ол өткен аптада ауруханада емдом қабылдады. Көзін күйдіріп алған.  Осындай  оқыс оқиғалар болмас үшін ата-аналар балаларына жарылғыш заттарды сатып алмай, оны пайдалануға тиым салуы тиіс. Көзіне зақым келтіріп, өмір бойы қиналғанша,  жарылғыш заттардан мүмкіндігінше аулақ болған жөн».

Бас дәрігердің бұлай ескерту жасауына  негіз бар. Осыдан екі жыл бұрын жас ана қолындағы  баласымен алаңда кетіп бара  жара жатқанда, жарылғыш заттың ұшқыны  сәбидің көзіне тиген. Алған жараққатардан баланың бір көзі көрмей қалды. Сондықтан да, көшеде жүргенде  абай болғандарыңыз  абзал деп  кеңес береді  офтальмологтар.

Рахымжан Ибрагимов, қоян- қолтық төбелес пен самбоның жаттықтырушысы: «Балалар, әрине, от шашулар мен петардаларды атады. Бірақ мен өз тәрбиеленушілеріме тиым салдым.Егерде пайдаланғанын  білсем, жазалаймын, отырып -тұру, көлденең жатып, кеудені  көтеру  сияқты жаттығуларды жасатамын. Жарылғыш заттарды белгіленген жерде ересек азаматтардың бақылауымен ату қажет. Ал бізде жастар болса, көлікке қарай, адамдарға қарай ата береді.

Бабур, спортшы: «Менің досым көзіне жарақат алған.  Бірақ біз сонда да Жаңа Жылда от шашулар мен петарда атамыз. Ата-аналарымыз қасымызда болады».

Дәрігерлер Жаңа Жылды жарылғыш заттарсыз, от шашуларсыз өткізуге шақырады.

Дулат Үдербаев, облыстық офтальмологиялық аурханасының бас дәрігері: «Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында пиротехникалық заттарсыз дастархан жасап, Жаңа Жылды  көтеріңкі  көңілмен қарсы алайық».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=o0xtH15So3g[/youtube]