40 келі жарылғыш зат қолданылды

36
фото Ел.кз

Ел болып тасқын судың құрсауынан арашалап жатқан Солтүстік Қазақстан өңірінде Түркістандық құтқарушылардың қатысуымен профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Онда мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысының құтқарушылары, Ғ. Мүсірепов ауданындағы Аққанбұрлық өзеніндегі қатқақ мұзды жару жұмыстары жүзеге асырылды.

Нәтижесінде жалпы 600 шаршы метр аумақта мұз ұсақталды. Айта кетейік, 40 кг жарылғыш заттар қолданылған жұмысқа түркістандық 6 маман жұмылдырылды.