Отандық өнімдер шетелдік кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыруда

Біздің шығарған өнімдер шетелдік компаниялардың тауарларымен салыстырғанда 4 есе арзан
Біздің шығарған өнімдер шетелдік компаниялардың тауарларымен салыстырғанда 4 есе арзан
Біздің шығарған өнімдер шетелдік компаниялардың тауарларымен салыстырғанда 4 есе арзан

Шымкенттегі «Қазмедприбор» мекемесі медицинаға қажетті түрлі құрылғыларды шығарады. Жұмыс істеп келе жатқанына 7 жылдан асқан серіктестік медициналық кереует, гинекологиялық кресло, лабораториялық желдеткіштер, үстел сынды құрал-жабдықтың 400-ге жуық түрін өндіреді. Жылжымалы доңғалақтар мен пластмассалық керек-жарақтардан басқаның барлығы осында жасалады.

 Бекболат ОРЫНБЕКОВ, «Қазмедприбор» ЖШС-нің директоры: «Биылғы жылдың жаңалығы біз электрокардиографтар, детальный мониторлар сынды тауар түрлерін өндіруді қолға алғалы отырмыз. Сол үшін біз «Даму» қоры арқылы 300 млн. теңге несие алдық. Бұл кісілердің бізге берген жәрдемі 7 пайызға дейін төмендетіп берді. Ол біз үшін үлкен жәрдем. Арасында үнемделген қаржыны біз құрал жабдықтар алуға жұмсадық. Айналымда жүрген қаражатымызды өсіруге арнап отырмыз».

Отандық өнімді жергілікті медицина мекемелерінен бөлек, соңғы 1 жылдан бері Ресей де жиі сатып алуда. Өйткені, мұндағы баға шетелдік өнімдермен салыстырғанда 4 есе арзан, әрі сапалы.

Александр Кушнир, техникалық директор: «Бұрын медицина мекемелері біздің шығарған өнімдерді сатып алуға қорқатын. Өйткені, әлемдік талаптарға сай келетін тауарды қазақстан шығара алмайды деп ойлайтын. Енді ол күдіктің бәрі артта қалды. Қазір Қазмедприбор шығарған өнімдерге тапсырыс көп. Еуропалық компаниялар бірлесіп жұмыс істеу үшін әріптестік ұсынып жатыр».

Қазақстандағы медициналық өнім шығаратын жалғыз мекемеге ауруханалар мен зертханалардан көптеп тапсырыстар түседі. Соның арқасында соңғы жылдары серіктестіктің өндіру көлемі 4 есеге ұлғайған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=RPktplF7CY8[/youtube]