Сүйінші! Әйгілі спортшы қызымыз Әлия Юсупова ұлды болды!
Бұған дейін Әлия мен кәсіпкер Нұржан Әлтаевтардың отбасында Әмина атты қыздың тәтті күлкісі шуақ шашып келген болса, енді жас отбасы ұлды болып отыр. Салмағы 3,5 келі, бойы 51 см торсықтай ұлдың есімін -Нұрәлі деп қойыпты. Сәбидің есімі ата-анасы есімдерінің басқы бөліктерінің қосындысынан алынған деп түсіндірді мұны Әлия Юсупованың орынбасары Мүслім Шаназаров.
Мүслім Шаназаров: «Бүгін ерекше күн 12.12.12жыл. Осындай ерекше датада Әлия ханымда ұлды болды. Бір қызығы дәл осы күні осыдан үш жыл бұрын, яғни 2009 жылдың 12 желтоқсан күні Әлия мен Нұржанның шаңырақ көтергені күні болатын. Ал жас ана №1 облыстық перинатальдық орталықта бүгін түнгі сағат үште өзі босанды. Алла балаларының өмірін ұзақ етсін».
Әлия тек Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышы.
Олимпияда ойындарында Әлем спортшыларының сан рет сағын сындыруға тырысқанымен, Әлия біз үшін Ерлік жасаған Батыр қыз! Даңқты спортшымыз.
Әлиядан соң Оңтүстікте көркем гимнастикамен айналысатын қаракөз қыздар көбейді.
Бүгінде Әлия Юсупова Шымкенттегі №9 спорт мектебін басқарады.
Әлия Жүсіпова мен Нұржан Әлтаевты құттықтаймыз. Ұлдарыңның бауы берік болсын! Қазақтың әйгілі азаматы болып өссін!