Шымкентте Көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты өтуде

188

Көркем гимнастиканың әр жаттығуын мінсіз көрсетуге талпынған бұл арулар еліміздің әр қаласынан жиналған. Шымкентте басталған ел біріншілігінде олар өздері жаттығып жүрген спорт мектептерінің намысын қорғайды. Қорытынды жарыста Әлия Юсупованың да шәкірттері сынға түсті.

Эльжана Таниева, жарыс қатысушысы: «Мен үшін бұл жауапты жарыс. Себебі жыл бойы жинаған тәжірибемізді көрсету арқылы өз мектебіміздің намысын қорғаймыз. Бірер сәттен кейін соңғы жаттығуымды көрсетуге шығамын. Алдыңғы жаттығуда алтыннан алқа тақтым.

Жарыстан соң шымкенттік арулар Мәскеуде өтетін оқу-жаттығу жиындарына аттанады. Алина Әділханова, Роза Абитова мен Эльжана Таниева бастаған топ одан кейін Азия біріншілігінде бақ сынайды. Айта кетейік, сары құрлықтық сайысы мамыр айында жалауын көтереді.

Муслим Шаназаров, жарыс ұйымдастырушысы: «Алдағы Азия чемпионаты спортшыларымыз үшін өте жауапты. Сары құрлықтық сайыста алтыннан алқа тақсақ, олимпиада ойындарына жолдама аламыз. Бұл бізге берілген соңғы мүмкіндік» .

Шымкентте басталған біріншілік апта соңына дейін жалғаспақ. Өткен жылғы жарыс нәтижесінде үшінші мегаполис жекелей жарыста топ жарып, топтық бәсекеде екінші орынды місе тұтқан еді.

Назерке Үкібасова