Самсадан қара қоңыз шықты

545
Тәжібай Дәрменшиев енді кезкелген жерден самса сатып алмаспын дейді

 

Самсаны осы жерден сатып алған

Шымкент тұрғыны жол бойынан самса сатып аламын деп ұшынып қалды. Өйткені тағамның ішінен ірі қоңыз шыққан. Енді ол СЭС мамандарына шағымданып, салақ өнім өндірушілердің сазайын тарттырмақ. Бірақ самса сатушылар тағамнан шыққан қоңыз емес деп бет бақтырмай отыр.

Түскі асқа дейін жүрек жалғамақ болған ол аяқасты ұшынып қаламын деп ойламаса керек. Жол бойынан алған самсаның ішінен қара қоңызды көргенде жағасын ұстаған. Артынша қатты ұшындым дейді.

Ол самсаны міне мына жерден сатып алған. Тағам дәл осы орында дайындалады. Шағымданушыны көргенде сатушылар да саспай айқайға басты.

Ондай нәрсенің болуы мүмкін емес деп безілдеген сатушы жақ, кейін тіпті басқаша сөйледі. Айтуларынша самсаның ішінен қоңыз емес, шыбын шыққан.

Сатып алушы Тәжібай Дәрменшиев олармен ұрысып әбуір таппаймын десе керек, бірден шағымды бұрқыратып жіберген. Қоңызды көрген бетте СЭС мамандарына жүігініпті.

Берік Торғауытов, ОҚО бойынша мемлекеттік санитарлық қадағалау департаментінің директоры: «Бөтен заттың болуы, мәселен менің тәжірибемде нанның ішінен тышқан табылған. Жармасыз екендігі көрінгендіктен біз аналыз жасамаймыз. Оны аудандық санитар эпидемиологтар тексереді».

 

Тәжібай Дәрменшиев енді кезкелген жерден самса сатып алмаспын дейді

БІрақ аудандағы мамандардың да айтқаны қызық болды. Ұшынып қалмайын десең, тамағыңды тый дегенге саяды.

Лариса Чиликина, Әл-Фараби аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының маманы: «Ия, азаматтар бізге шағымдана алады.Тек ол бізге затты қай жерден сатып алғанын және сол жердің иесінің аты-жөні мен салық төлеуші нөмірін алып келуі тиіс. Сонда ғана жоспарлы тексеру жүргізе аламыз. Ал жалпы, көшеден тамақ алып жеуді доғару керек. Сонда ғана жайсыз оқиғалардан сақтануға болады».

Яғни көшеден тамақтану денсаулыққа қауіпті. Мамандары мұны біледі, бірақ көшеде тамақ пісіріп сатып жатқандарға тыйым болмай тұр. Оған жауапты қала әкімдігі.

Асылхан Еспаев , қала әкімдігіне қарасты сауда және сыртқы экономикалық байланыс секторының меңгерушісі: «Әрбір азамат өзінің құқығын қорғау мақсатында құзырлы органдарға шағымдана алады. Біздің тараптан… 165 баб бойынша шара көріледі. Хаттама мамандандырылған сотқа жіберіледі».

Ал самса жеймін деп сан соққан Тәжібай ісіне салақ сатушыларды жазаламайынша тыныш отырмаймын деп бел буған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pNPjb8-xKV4[/youtube]