Шымкент қаласындағы ҰОС-ның ардагерлері толығымен баспанамен қамтылды. Бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған қарттардың соңғы 9-на Нұрсәт шағын ауданынан 5 қабатты 30 пәтерлі үйден баспананың кілті табыс етілді.
Бұл мемлекетік тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған шара. Биылдың өзінде баспана кезегінде тұрған 47 ардагер үйлі болды.
Ал жалпы 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 182 үй пайдалануға берілді.