Теміріңізді Ferrum-Vtor-ға өткізіңіз

Зауытта бүгінгі күні 300-ден аса жұмысшы істейді
Зауытта бүгінгі күні 300-ден аса жұмысшы істейді
Зауытта бүгінгі күні 300-ден аса жұмысшы істейді

Индустрияландыру аймағында орналасқан «Ferrum vtor» өндіріс орны темір қалдықтарын балқытып, құрылысқа қажетті түрлі өнімдер шығарады. Арматураның түрлі қалыңдықтағы түрі мен шойыннан жасалған бөлшектерді көрші облыстар мен Түркіменстан, Ауғанстан сынды елдерге саудалайтын зауыттың құрылғанына биыл 6 жыл. Өндірісін кеңейту үшін жетекшілік Даму қорымен қаржыландырылды. Соның арқасында 10 тонналық екі пеш салынып, жақында іске қосылмақ.

Қадырбек ЖӨҢКЕБАЕВ, зауыттың бас технологы: «Қазір істеп тұрған өндірісіміз тәулігіне 160-200 тоннаға дейін өнім береді. Сонда жылына 60 мың тонна болады өнім көлемі. Ал қазіргі модернизацияны іске қосатын болсақ 100 мыңға жетеді өнім көлемі. Сонда бізге қосымша 70 жұмыс орны қосылып жатыр».

Өндіріс орнында 300-ден аса жұмысшы бар. Айлық ақысы әр түрлі. 60 мыңнан 100 мыңға дейін. Алайда, салаға қажетті білікті мамандар аз дейді зауыт жетекшілігі.

Қадырбек ЖӨҢКЕБАЕВ, зауыттың бас технологы: «Біраз кадрлар мәселесі бар. Бірақ оларды өзіміз де дайындап жатырмыз. Екіншіден металл дайындау бойынша кадрларды дайындау жақсы жолға қойылса деп едік. Зауытымызды модернизациялап жатырмыз ғой. Бізге білікті маман керек. Сондықтан металлургия саласы бойынша оқыған жастар болса жұмысқа шақырамыз».

Өндіріске қажетті темір қалдықтарын зауыт басшылығы берісі қызылорда, жамбыл, арысы Ресейден сатып алады. Бір тонна теміріңіз 34-35 мың теңгеге түседі. Осы ретте, шымкенттік жерлестерге де өткізетін қара темірі болса, біздің зауытқа әкелсе екен дейді. Темір келісін 34-35 теңгеден сатып алмақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rycytJ7wtN8[/youtube]