Облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының басшысы ауысты. Телеарнаның тізгіні 38 жастағы Уәли Қыдырға берілді. Ұлттық телеарнаның басшылығы осылай деп шешіпті. Ал бұған дейін «Қазақстан-Шымкент» телеарнасын басқарып келген Ғалым Омархан Астанаға, лауазымды қызметке ауысқан көрінеді.
Ал жаңадан тағайындалған Уәли Қыдыр жайлы айтар болсақ…
Қыдыр Уәли Сағындықұлы 1975 жылы 21 қаңтарда ОҚО Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Қызмет жолын 2000 жылы Әділет министрлігі «Заң» АҚ-ның басылымдарын шығарушы редактор болып бастаған.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы лауазымында болған.
2002-2004 жылдары республикалық «Заң» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2008-2009 жылдар аралығында республикалық «Нұр Астана» газетінің Алматы бөлімшесін басқарды.
2009-2012 жылдары еліміздегі көптеген газет-журналдардың басын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары, 2012 жылдан бері Қазақ радиоcы директорының орынбасары қызметін атқарған.
Әріптестерімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз!