Бүгін «Отырар» телеарнасының баспасөз клубында Республикалық телеарналардың ең алғашқы тілшісі болған журналист Владимир Владимирович Лиді еске алуға арналған жиын өтті.
Көзі тірі болғанда дарынды журналист 2 қаңтар күні 80-ге толар еді. Ғұмырының 30 жылын телеарнаға, тілшілікке арнаған азаматты әріптестері мен көзін көрген достары еске алды.
Айта өткен жөн, Владимир Ли Оңтүстіктегі телевизия саласының іргетасын қалаушы азаматтардың бірі болған жан.
Құлахмет Қалменов, отставкадағы генерал: «Мен оны жақсы танимын. Адамгершілігі мол азамат болатын. Оның бір жобасы болатын. Шымкенттегі көрнекті кісілерді киноға түсірсем дейтін. Сол киносын менен бастаған болатын. Бірақ өзі қайтыс болып кетті де, жобасы аяқталмай қалды. Кейбір жерлерде сол түсірілген нәрселер пайдаланылып жүр. Көремін, есіме аламын. Сонда Владимир Ли қайтыс болғанмен оның аты өлген жоқтығын түсінем».