«Көк тиын да құны жоқтар мемлекеттік награда, атақ алғанына қарап қынжыламын» — дейді белгілі әртіс, театр, кино өнерінің тарланы Тұңғышбай әл-Тарази. «Өнерге көп қамқорлыөқ жасалуда. Бірақ, көрерменге ұсынар жақсы қойылым жоқ» театрларды сарапқа сала отырып бұл орайда да өз ойын іркіп қалмады. Жалпы Тұңғышбайдың шындығын білгіңіз келсе, «Оңтүстік Рабаттың бүгін жарық көрген нөмірін алып оқыңыз. Ол «Шыныңызды айтыңызшы…» айдарының қонағы ретінде біраз мәселені көтереді.
Сонымен бірге газеттің осы нөмірінен адвокаттардың айтысын, «Лимузин» көлігін жинайтын шымкенттік бас кәсіпкер жайлы да оқып білуге болады,
Сауатсыз ұрпақтың көбеюіне ЖОО-ның сырттан оқып бітірген мұғалімдер себеп отырған жоқ па? деген сауалға да газет осы нөмірден жауап іздеп көрді.
Зейнетақы 9 %-ға өскенде азық-түлік бағасы екі еселеніп кетті. Коммуналдық қызмет түрлері де тарифті көтеріп жатыр. Жаңажылдық бағалар осыны айтады.
«Жылан жылы туғандар ұрыс-керіске оң иығын беріп тұрады» дейді. Бұл қаншалықты рас. Жылан жылы туғандардың өзі не дейді? Газетті парақтап көріңіз. Жауабын табасыз.
Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев жаңа жыл қарсаңында 4 ай жұмыссыз отырған. «Ерекше қарсы алған Жаңа жыл есіңізде ме?» деген сауалға өзгелер не деп жауап қайтарды? Оқыңыз.
Оқырмандар сұрауы бойынша телефон анықтамалығы барлық қызмет түрлеріне қалай хабарласуға көмегін тигізеді.
Өзге де қызықты тақырыптарды газеттің осы нөмірінен табарыңызға шүбәміз жоқ. Келесі нөмірден не оқығыңыз келетіндігін де алдын-ала айтып, ұсыныс білдіруіңізге мүмкіндігіңіз барын ұмытпағайсыз, оқырман!