Арыстың оқырмандары әкімдікке көлік мінгізді

382
Ұтысқа тігілген көлік

Арыс қаласының әкімдігі темір тұлпарға ие болды. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің оқырмандар арасында ұйымдастырған бас бәйгесін тоғыз жолдың торабында орналасқан өлке жұрты иемденді.

Ұтысқа тігілген көлік

Айта кету керек, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығына арналған баспасөз науқанында басылымға барынша жанашыр және оны белсенді оқитын аудан, қалалар мен мекемелер анықталған. Соның қорытындысы бойынша «Таралымы көп аймақ» аталымын Арыс қаласының әкімдігі жеңіп алып, автокөлікті қанжығаға байлады. Аталмыш өлкеден 2398 оқырман газетке жазылыпты.

Екінші орынды Төле би ауданы иеленді. Ондағы әкімдік қызметкерлеріне тоңазытқыш табыс етілді. Ал үшінші жүлде Созақ ауданындағы оқырмандарға бұйырыпты. Газет редакциясы осылай оқырман қатарын қалыңдатуды көздеп отыр.