Шымкенттің зообағында 2 тәжікстандық сақалтай құсы қоныпты. Ал департамент жұмысшылары көшпелі құстарға қызығушылық танытпаған. Бұл құстар Еуропадағы сирек кездеседі. Шымкентке Душанбе қаласының зообағынан әкелінген.
Айта кетейік, бұл құстарды шымкентің зообағы асыға күтіпті. Себебі қаламызда мұндай құстарға қарағанда жыртқыш құстар жетерлік. Бірақ, зообақтың жұмысшылары ос сақалтай құсын көбейтуді жоспарлап отыр.
«Бұл құстар — біз үшін бағалы» — дейді зообақтың директоры Сейдулла Жұбанов. — Сақалтай құсы халықаралық қызыл кітапқа енгеніне де көп болған. Зообақтар үшін үлкен сұранысқа ие, тіпті жабайы табиғаттың өзінде сирек кездеседі. Сондықтан, зообақтағы кез келген аңды бұл құспен ауыстыруға болады».
Расында да бұл сирек кездесетін құс «Қызыл кітапқа» енген. Осы жариялықтан кейін, көпшіліктің бұл бағалы құс — сақалтайға деген қызығушылығы артып, көруге асыққан. Бірақ мұндағы майда торлардан көру қиынға соққан. Сондықтан зообақ басшылығы бұл мәселені шешуге тырысты. Басқа құстардың мазасын алмау үшін. Бұл — сақалтай құстары қонақтайтын арнайы орынға кіру.
Торға кіре берісте тұрғанда бірінші болып өзге жыртқыш құстар шошып, қорқынышты сезіп, қанаттарын қағып ұша бастады. Бірақ, бір қызығы — бұл құстардың әрекеті мен бөтен адамдардың бет алысы сақалтайларға ешқандай қорқыныш тудырмады. Осылайша бұл құбылыстарды еркін әрі сабырлы қабылдаған сақалтайлар өздерін жан-жақты түсіргенде де тыр етпей байыппен отырды.
Байқап қарасақ, бұл Шымкентке жаңадан келген 2 сақатайдан да өзге сақалтай құстары бар екен мұнда. Бірі — осы екі сақалтай сиякты Душанбеден Тұрсын бегемотпен ауыстырылып әкелінген. Өкініштісі сол — бұл Тұрсын бегемоты Душанбеде өлген. Тағы біреуін — осы зообаққа құстарға жаны ашитын жандар сақалтайдың қанаты жараланған күйінде әкеліпті. Бұл құстың екінші аты — «ягнятник». Бір таң қаларлығы бұл құстардың үлкені қанатын барынша жайғанда ұзындығы 3 метрге дейін болады. Орнитологтардың айтуынша, бұл сақалтайлар тіпті тауешкісін де жеңе алады екен. Зообақтың жұмысшылары осы сақалтайларды табиғат аясында жетілдіру міндетті емес деп есептейді.
«Біз бірнеше жыл бұрын қара күшіген құсын өсірдік, — дейді Шымкент зообағы директорының орынбасары Латипша Әлиев. — Негізі өзге зообақтарда арнайы жылыту құралдарымен жұмыртқалары ашады, ал бізде табиғи жолмен құсытың өзі ашып шықты. Сондықтан, сақалтайлармен де біз жақсы жұмыс істей алатынымызға сенімдіміз».
Бірақ зообақ басшылығының алдында өсіру жұмыстарынан бұрын, басқа тапсырма тұр: әкелінген бұл құстардың жынысын анықтау. Анығырақ айтсақ, тотықұстар сияқты емес, бұл құстардың «әйелі» мен «еркегінің» айырмашылығы жоқ. Сондықтан, осы сауалдың шешімін табу үшін Алматы қаласындағы республикалық деңгейдегі мамандардың назарын аударып және мамандандырылған арнайы лабороторияға әрбір құстың қанатының қауырсынын апару керек. Егер барлық құс бір жыныстан болса, тағы ауыстыру шарасы жүргізіледі. Бірақ зообақтағылар бұл жағдайдан проблема туындамайтынын айып отыр.