Шымкентте мектеп оқушылары арасында спартакиада өтуде

455
қала интеллектуалдары өзара чемпионадыр анықтауда

Шымкенттің оқушылары кезекті рет спорттық сынақта ептілігін сынға салуда.  Бұл күндері оқушылар арасындағы спартакиада жалғасуда. Осымен 63-ші рет ұйымдастырып отырған жарыстың бұл төртінші спорт түрі. Дойбыдан шеберлік таныту үшін 50-ден астам қала мектептерінің интелектуалдары жиналған.

қала интеллектуалдары өзара чемпионадыр анықтауда
қала интеллектуалдары өзара чемпионадыр анықтауда

Вячеслав Романенко, оқушылар спартакиадасының бас төрешісі: «Біздің басты мақсатымыз балалардың бос уақытын тиімді үнемдеу. Осындай спорттық іс-шаралардың арқасында оларда салауатты өмір салтын ұстауға деген қызығушылық пайда болады. Жеңіске құлшыныс та пайда болады. Жыл сайын өткіземіз. Биыл да ойдағыдай өтіп жатыр. Жыл сайын №30 мектептің оқушылары спортта епті екендерін байқатады. Бұл жолы қай команда жеңіске жететінін көктемде анықтайтын боламыз. Ұранымыз өзгеріссіз:  «Тек мықтылар жеңіс тұғырынан көрінісін!».

Бұл спартакиадасы жыл сайын өтеді. Күзде басталып, келесі жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Спорттың тоғыз түрін қамтыған. Дойбыдан жарыс үш күнге жалғасады. Бүгінде  іріктеу өтуде. Командалық есепте топ жаруды көздеген оқушылар күні бойы осында. Жалпы есепте 80-ге жуық мектептің жас спортшылары өзара ептілерін анықтайтын болады.

Дойбыдан жарыс үш күнге жалғасады
Дойбыдан жарыс үш күнге жалғасады

Нұрлыхан Ырыскен, №43 мектептің оқушысы: «Менің бұл жарысқа келгендегі басты мақсатым №43 мектептің абырайын түсірмей, дойбыдан үздік танылу. Енді жарысқа келгеннен кейін жеңісті көздейсің ғой. Сол себепті де қарсыластардың осал жерлерін тауып, мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Кубок әлі де болса біздің қоржынға салынады».

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=is_AzU79Bcs[/youtube]