Шымкентте оқушылар көше кезіп кетті. Тіпті бір түннің ішінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 бала жеткізілген. Мамандар мектеп демалысы кезінде балалар ойынхана жағалап, түнімен көшеде жүруді әдетке айналдырды деп алаңдап жатыр. Ал ата-ана бейқам. Тіпті бірнеше айдан бері ата-анасы табылмаған балалар да бар.
Бір түнде топырлап келген балалардың бәрізі мыналар. Бәрі де ойынхана, түнгі клубтарды жағалап жүрген жерінен ұсталған. Тіпті кей бірі жертөле кезіп жүрген жерінен ұсталыпты. Мәселен, Юрий мен Виталия Шкарыниндер ағайынды. 12 мен 8 жастағы жеткіншектер қала сыртынан орталыққа ойын құмартып келген. Олардың ата-анасынан әлі хабар ошар жоқ.
Аты-жөні белгілі балаларды құжатын көрсетіп ата-аналары үйне алып кетіп жатыр. Бірақ Александрдың іздеушісі әлі табылмады. Оның мұнда жеткізілгеніне тура 2 ай. Бірақ іздеушісі жоқ. Тек «Саша» деп есімін ғана жазады.
Ал мына қаракөздің есімі Айсана. Жасы 12-де екен. Бірақ туу туралы куәлігі жоқ. Салдарынан артынан іздеп келген анасы оны алып кете алмай зар илеп жүр.
Әзірге мұндағы жұмыс қызып тұр. Әсіресе жаңа жылдық демалыс күндері көше кезген оқушылар көптеп түскен. Мұның бәрі ата-ананың бейқамдығынан дейді мамандар.
Осындайда, Торғай екеш Торғай да балапанын қорғайды, ана безсе баладан бәрінен де сол қайғы деп ақын жыры еске түседі. Қазақ жетімін жылатпаған ел еді…
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=60O5G8sE7bk[/youtube]