Өңіріміздегі Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылы жастары бұл күні аядай ғана бөлмеде ауқымы кең Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы – Қазақстан халқына жолдаун талқылады. Жүзеге асыру жолдары қарастырылып, ұсыныс -пікірлер де ашық айтылды жиында.
Дамир Жүнісов, ОҚО «Жастар орталығы» МКМ директорының орынбасары: «Бұл жолдау біздің болашағымызға арналып отыр. Алайда болашақ екен деп бей жай қарауға болмайды. Болашақтың іргесі бүгіннен қаланатынын ұмытпағанымыз абзал. Барлығымыз бірге, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Сонда ғана еңбегіміз жемісін береді. Осы орайда біз елдің артқан үмітіне -жүгіне жауапкершілікпен қарап, жастар саясатын жүзеге асыруымыз қажет. Елдің болашағы жарқын болуы бізге байланысты! Сайып келгенде біз өзімізге-өзіміз немқұрайлы қарайтын заманда емеспіз! Өз арбамызды өзіміз сүйретіп жүрген тәуелсіз елдің жастолқыны ретінде барымызша аралысып, белсенділік тантуымыз маңызды дер едім».
Айгүл Мұсабекова, Шарбұлақ ауылының тұрғыны: «Шынымды айтсам, бұл жолдау дер кезінде жазылған сияқты. Себебі, бұрындары «Қазақстан — 2030″ стратегиясы жарық көргенде еліміздің 50 елге енуі маған күлкілі көрінген. қазір ойлап қарасақ, біз әлемге өзімізді мойындатып келеміз. Сол сияқты даму-өһркендеу жолындағы жас мемлекетке бір орында аялдап қалуға болмайды. Жаңа бағыт, жаңа жоспар, жаңа жолдауларымен келесі бір баспалдақты бағындыруы дұрыс. Мынау латын әріптеріне көшу ұысынысы да дұрыс деген пікірдемін».
Замандастарымыз осындай үміт артып отыр келешекке. Алайда Облыстық жастар орталығының мамандарымен өткен кездесуде жастолқын осы жолдамадағы кәсіпкерлерліктің дамуына да кедергілердің көп екенін бүкпесіз айтты.
Әбдіразақ Қамбарбеков, Шарбұлақ ауылының тұрғыны: «Ия, мен Елбасы Н.Әбішұлының бұл жолдауын қолдаймын. Себебі, қай жолдауын, ғылыми мақаласын алып талдау жасасаң да тереңдеп барып жастардың болашағы мен ел ертеңінің жарқын болумен байланысады. Сондықтан бұл аталған стратегия да бізді жаңа жоспарларымен қуантады деп түсінемін. Айта кетейін, «Қазақстан — 2050″ стратегиясында да кәсіпкерлік туралы көп жазылған. бірақ менің бір түсінбейтінім, жас кәсіпкерлерге қолдау неліктен аз?! Мәселен, күні кеше ғана жаңа бір жоба болды жас кәсіпкерлер үшін. Рахмет! Бірақ сол жоба бойынша кәсіпкерлікті меңгерген жас маман дәл қазіргі уақытта жұмыс таппай жүргені жасырын емес. Мәселен, ауыл жасы қалаға барып бизнес жоспарын түгендейді. Жаңа бір технология бойынша жазады. Соның барлығына бас-аяғы 200 мыңдай қаржы жұмсайды. Ал кәсіпті дөңгелетуге келгенде несие ала алмай сандалады. Сонда 200 мың теңге шығын жасаған жастар 500 мың теңге несиеге зар болады. Осыны ойлағанда қайран ауылдың жастары-ай деп қынжыламыз. Осындай жағдайдан соң барша ауыл жастарының беті қайтып қалған. Арнайы ауыл жастары үшін кәсіпкерлікке келгенде белгілі бір жеңілдік қарастырылуы керек қой».
Дамир Жүнісов, ОҚО «Жастар орталығы» МКМ директорының орынбасары: «Ия, Әбдіразақ Сіз өте дұрыс айтасыз. Бұл қоғамдағы маңызды түйткілдердің бірі. Сондықтан алдағы күндері бұл айтылған пікірлердің барлығын да жоғарыға жеткізетін боламыз. Бұл Сіздердің шағымдарыңыз өте орынды».
Орынды. Алайда орынды пікір шешімінің созбалаңға салынуы замандастарымыздың сенімін жоғалтатыны анық. Сондықтан мұндағы жастар жаңа стратегия жаңа бастамаларға жол бастайды деп үміттенеді.