Қазақ хандығы — Алдараспан

429
Black and White тобы 300 мың қайтарымсыз қаржы қолдауға ие болды

Жуырда ғаламтордың төрінде қазақ хандарымен жоңғарлар ашық айқасқа шығуы мүмкін. Шымкентте тұңғыш рет қолға алынған жас кәсіпкерлердің идеясын жүзеге асыру шарасында Black and White тобы осындай компьютерлік ойын жобасын ұсынды. Айтуларынша, бұл бастама жастолқынның тарихқа деген қызығушылығын оятады. Білімін арттырады.

 Black and White тобы қазақ хандарының жаумен шайқасын көрсететін компьютерлік ойын жобасын ұсынды
Black and White тобы қазақ хандарының жаумен шайқасын көрсететін компьютерлік ойын жобасын ұсынды

Жандос Қалтаев, Black and White тобының мүшесі: «Біздің жобамыздың аты «Қазақ хандығы —  Алдараспан» деп аталады. Бұл жастарға араналған компьютерлік ойын. Бірақ ойын керемет. Болшақта сұранысқа ие болатынына сенімдімін. Яғни, осы уақытқа дейін әлемде болмаған. Тек қазақ елінде бірінші рет шығып жатыр. Біз бұл ойынды 15 тілге аударатын боламыз. Орта Азиядағы кез келген жасқа қолжетімді болуын қамтамасыз етеміз. Жоспарымыз бар. Және бұл жобаның бастапқы талап ететін қаржысы — 100 000 (мың) $. Тоғыз айдың ішінде бұны іске асыруға болады. Біз қызық жері бұл жерде қатысушы әрбір этностың , қазақ хандығының ерекшеліктеріне куә болады. Мысалы, бойтұмар, алтын асық сияқты немесе бір қиындықтан өтуі үшін ақсақалдардың ақ батасын алуы керек болады. Осы жоба аясында қызық дүнелер орын табады деген ойымыз, жоспарымыз бар. Айта кетейін, бұл ойын ғана емес арнайы оқу құралы ретінде қолдануға да болады. Сіз бұл ойынды ойнау үшін физика, алгебра, геометрия, биология, астрономия сынды сабақтардан дайындалған арнайы сұрақтарға да жауап беруіңіз керек болады. Сондықтан бұл бүгінгі жастар үшін таптырмас көмек ойын болмақ. Оқу құралы ретінде пайдалансақ та жеңілмейміз».

 Black and White тобы бұл ханның "басы" қойылып ойналатын кейіпкердің алғашқы нұсқасы дейді
Black and White тобы бұл ханның «басы» қойылып ойналатын кейіпкердің алғашқы нұсқасы дейді

Осылайша жас кәсіпкер болуды көздеген жастар бизнес жоспарларын ұсынып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жобалары арқылы қаржылық қолдауға ие болмақ. Қатысуға ниет білдірген 24 топтың ішінен 10 -ы ғана ақтық сынға жолдама алды. Ал байқауға жалпы саны 103 үміткер қатысты.

Қатысушыларға жобасын түсіндіруі үшін 5 минут уақыт берілді. 1 минут арнайы қазылар алқасының сұрақ қоюы үшін қаралды. Ал жас кәсіпкерлер идеясы байқауы барысында жолда адасқан жанға бағыт көрсететін ұялы телефонға орнатылатын көмекші-бағдарлама, азық-түлік өнімдерін саудалау әдістері сынды бизнес жобаларын ұсынды.

Нұржан Әлтаев, ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры: «Жалпы идеялардың иновациялығы, жаңалығы олардың соған қарап жатырмыз. Енді өте қызық идеялар бар арасында. Ол мен айта аламын, біздің арамызда яғни қазылар алқасының құрамында бизнесмендер отыр. Олар қызығып жатыр. Енді менің ойымша, мұндағы кейбір бизнес-идеялар өзінің жүлдесін ала алмаса да сол кәсіпкерлерден ұсыныстар түсуі мүмкін».

Сонымен 300 мың қайтарымсыз қаржылық қолдауға қазақ хандарының ерлігін насихаттайтын ойындар жобасын ұсынған Black and White тобы лайық деп табылды. 200 мың қаржы қоғамдық қаладағы іс-шаралардың кең ауқымда, жоғарғы дәрежеде жүйелі өтуін қадалаймыз деген Help a your тобына бұйырды. Ал 100 мың теңгені Edulife.kz-ның жастары еншіледі.

Edulife.kz тобы, 2-орын иегері: «Біз өте қуаныштымыз. Себебі осыншама жобалардың ішінен 3-орынға ие болып, жобамыздың қолдауға, назарға ие болуы біз үшін үлкен ғанибет! Ал біздің жоба кез келген жасқа тигізер көмегі зор. Мәселен кеңседе жұмыс жасағасы келетін жастар үшін таптырас мүмкіндік. Сонымен қоса қаладағы кез келген қоғамдық іс-шаралардың да жоғарғы деңгейде өтуіне де жауап беруге тырысамыз. Енді біз жобамыздың жүзеге асуы жолында тер төгеміз. Жобамыз «Коворкинг» деп аталады, көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін бұл, сондықтан алдағы уақытта жұмысымызбен көзге түсетін боламыз».

«Атамекен Стартап» ҚҚ 2013 жылы осы жобаны жиі өткізуді жоспарлап, жастарға қолдау көрсетуді қолға алуда. Шымкенттен бастау алған шара алдағы уақытта қазақстанның 22 қаласында осы жоба жүзеге аспақ. Жас кәсіпкерлерге арналған шарапаты мол шара наурыз айында жалғасын табады деп күтілуде. Ендеше, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Сізден талап етілетіні – бизнес жоспар ғана!