«Шаңыраққа» жыл толды

372

Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында ашылған «Шаңырақ» орталығына 1 жыл толды. Осы уақыт аралығында мұнда 20 жас арнайы мектептен өтіп, өз ісін ашуға мүмкіндік алды.

55555Айта кетейік, орталық жас бизнесмендердің құжаттама жұмыстарын жеңілдетіп, уақытын үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жас бизнесмендердің мемлекеттік бағдарлама негізінде қаржылық қолдауға қол жеткізуін үйлестіреді. Үздік идеяларды талдап, олардың өміршеңдігіне жол ашатын бастамашыл топ кәсіпкерлікке қолдау көрсету арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықты алдын аламыз деп отыр.