Әкімге хат жолдаңыз

Былтыр осындай жәшікке түскен 119 сауалға жауап қатылған
Былтыр осындай жәшікке түскен 119 сауалға жауап қатылған
Былтыр осындай жәшікке түскен 119 сауалға жауап қатылған

Әкімге хат жолдаңыз. Жергілікті билік қаладағы барлық әкімдіктерге арнайы жәшіктерді орналастыруда. Көкейіңізді мазалаған сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, мархабат. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сізді толғандырған әрбір мәселеге жауап беруге дайын.

Облыс тұрғыны Білімжан Боташеваның жар дегенде жалғыз баспанасын осыдан екі жыл бұрын мамандар апатты деп тапқан. Көпбалалы ананы әсіресе, ұл-қызының қауіпсіздігі толғандырады. Талай жылдан бері үй кезегіне тұрса да, Білімжан Боташеваға баспана бұйырмай-ақ қойды. Ал базынасын айтар жергілікті билік селк етпейді деп ашынады. Келіншектің соңғы үміті енді әкімге арналған мына жәшікке салынған хатта болып тұр.

Мұндай жәшіктер облыстағы барлық әкімдіктерге орналастырылған. 20 ақпан күні облыс алдында Асқар Мырзахметовтың жылдық есебі беріледі деп күтілуде. Сіздерден түскен ең өзекті сауалға да әкім сол күні жауап бермек. Өткен жылы осындай жұмыс негізінде 119 сұраққа жауап қатылған тұғын.

Берік УӘЛИ, облыс әкімдігі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз жетекшісі: «Биылғы жылы да барлық келіп түскен сауалдар жауапсыз қалмайды. Ол облыстық газеттерде жауап жарияланады. Облыс әкімдігінің ресми сайтында да жарияланады. Яғни, әлеуметтен келген әрбір сауал жауапсыз қалмайды деп толық айта аламыз».

Егер, арнайы қойылған жәшітерге сауал жолдап үлгере алмасаңыз, облыс басшылығының 50-00-05, 23-31-48, 54-84-91 телефондарына қоңырау шалсаңыз да болады. Олай болса, әлеуметтің әлеуметі үшін жасалып жатқан іске атсалысып, тікелей Асқар Мырзахметовке жол тартатын сауалдар жәшігіне хат жолдап үлгеріңіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=moEZrAhLTW8[/youtube]