Ережеге бағынбаған шымкенттік жүргізушілердің көліктері айыптұрағына жөнелтілуде. Қырғы базары маңына автокөлік қоюға тиым белгісі қойылғанына қарамастан темір тұлпар иелері бұл маңды тұраққа айналдырып алған. Облыстық жол полициясы басқармасының мамандары арнайы рейдке шығып, оларды тәртіпке шақыруға кірісті.
Тиым салынған белгі қойылғанына қарамастан кез-келген жерге көлігін жайғастыра салуды жерлестеріміз әдетке айналдырған. Ережені емін-еркін бұзушылар белгіні көрмедім деп ақталады.
Талғат Шегенбаев, жүргізуші: «Белгіге көніл аудармадым, шынымды айтсам,көрмедім. Мен бұл жерге көп келмеймін».
Рейд шахар басшысының қала жолдарында орын алған жағдайды ретке келтіріп, жол ережелерін бұзған көлік жүргізушілеріне заң талаптары шеңберінде шара қолдану мақсатында басталды.
Сәкен Оспанов, жеке батальон командирінің міндетін атқарушы: «Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын өз автокөліктерін жол ережесі белгіленбеген жерге қалдырмауларын сұранамыз. Егерде жол белгісі жоқ жерде қалдырылған болса, эвакуатормен көтеріп алып, арнайы айыппұл тұрағына қоямыз».
Небәрі бір сағаттың ішінде сағаттық он бес көлік иесі рейд жүргізушілердің назарына ілікті. Ереже бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, екі автокөлік айыптұрағына жіберілді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fCVRex3chT8[/youtube]