Бұл Сарыағаштағы көшет шығарушы жалғыз тұқымбақ. «Жер сыйы» серіктестігі 20 түрлі жемістен жылына 600 мыңдай көшет өсіреді. Мамандар қазір алманың жабайы түрі мен басқа тұқымын булап жатыр. Екі сұрыпты байланыстыру нәтижесінде салмағы жарты келіге жететіндей алма алуға болады екен.
Будандастырылған көшеттер осындай жәшіктерде екі айдай тұрады. Дайын көшетті енді сатып алыңыз да, топыраққа отырғыза беріңіз. Көшеттердің 80 пайызын жүзімге арнаған тұқымбақ ұжымы мұндай жетістікке «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауы нәтижесінде жетіп отыр.
Танабай Шынтасов, «Жер сыйы» ЖШС-ы төрағасы: «Менің барлық кредиттік тарихым РИЦ Максимуммен байланысты. Пайдам, мынау франциядан әкелінген бұламалар арқылы 200 мыңға дейін көшет шғараруға болады. 200 мың көшетті есептей беріңіз. Біз жеміс алмаймыз. Көшет өндіреміз. Сондықтан біздің орташа табымысыз 45-50 млн.ға жетеді. Әр адамның өндіріп жатқан өнімі шамамен 10-15 мыңның шамасында».
Он жылдан бері көшет өсіру ісімен айналысатын мекемеден Жамбыл, Қызылорда облыстарының шаруалары да көшет сатып алады. Түркия, Өзбекстан сынды алыс-жақын шетелден де ұсыныс жетіп-артылатын көрінеді. 55 гектарды алып жатқан тұқымбақ толықтай тамшылатып суару әдісі бойынша жұмыс істейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=56bNupN5S6M[/youtube]