Шымкентте көшеттер саны артады

50

Шымкентте қаланы жасылдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Мысалы, жыл соңына дейін қаладағы тұқымбақ аумағын 2,8 гектардан 8,2 гектарға ұлғайту жоспарлануда.

Мемлекеттік орман қорынан «Жасыл белдеу» коммуналдық мекемесіне 752,8 га жер бекітілді. Онда 19 түрлі ағаш-бұталар тұқымдары мен тал, бұталардың 140 мың қаламшасы отырғызылады.

Нәтижесінде қаладағы көшеттер саны 1 млн. 770 мың данаға жетуі тиіс. Айта кетейік, былтыр осы жоба бойынша қалада 86 220 ағаш тұқымдары егілген.

Диана Біржанова