Аттестацияның қорытындысымен келіспейміз. Бүгін ОҚО білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мектептерді сынақтан өткізу барысында олқылықтар болған. Мұғалімдер біліктілігі де, оқушылардың үлгерімі де дұрыс бағаланбаған. Бұл мәселе басшының қытығына тисе керек арнайы брифинг өткізіп жіберді.
Басқарма бастығы Альбина Елшиеваның мектептерді аттестаттаудан өткізгендердің тексеруі дәлелсіз дейді. Ол сынақ қорытындысымен мүлде келіспейтіндігін жеткізді. Жалғыз мен емес, мектеп директорларының да пікірі осы деп қосты. Оның сөзіне сенсек, білімді бақылаушылардың өңір жағдайы нашар дейтіндей нақты дәлелі жоқ. Бәрі жалпылама.
Ал тексерушілердің ойы басқа. Оқу ордаларының материалдық базасының сиқы мен мұғалімдердің біліктілігіне көңіл толмаған олар 33 мектепті сынақтан сүріндірген еді. Оған қоса 13 колледждегі жағдай да мүшкіл екен. Ол жайында алдын жазған болатынбыз.
Мұнымен келіспеймін деген Елшиеваның келтірер мысалы да бар болып шықты. Мәселен, Сайрам ауданындағы №28 Ақбай орта мектебінде оқушылардың үлгерімі дұрыс бағаланбаған дейді. Алдын мұндағы баллдық көрсеткіш 2,8-ді құраған. Ал бас педагогтың есебінше бұл 75 пайызға жоғары болуы тиіс.
Десе де, білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыруға жарты жыл уақыт берілген. Сол уақыт аралығында түзелмесе жағдай басқаша болмақ. Мәселен колледждердің лицензиязы кері қайтарылып алынады. Ал Елшиева мұндай аттестаттау шарасы 5 жылда бір рет өтсе жетеді деп отыр.