Оңтүстіктегі ірі қараға қауіп төніп тұр

Ауа арқылы жұққыш шмалленберг дерті жүкті келіншектерге үйірсек көрінеді
Ауа арқылы жұққыш шмалленберг дерті жүкті келіншектерге үйірсек көрінеді
Ауа арқылы жұққыш шмалленберг дерті жүкті келіншектерге үйірсек көрінеді

Оңтүстіктің ірі қарасына да жұқпалы індеттен қауіп төніп тұр. Өйткені, аты жаман аурудың ауа арқылы тарайтыны тағы да сөз болды. Бүгін жерлестеріміз Елбасы жолдауын насихаттауға келген республикалық ақпараттық насихаттық топ өкілдеріне осылай деді. Ауылшаруашылығы вице-министрі қандай болғанымен, көмек беріледі деп сабырлылыққа шақырды.

Еске сала кетейік, өткен жылы Австриядан Солтүстік Қазақстан облысындағы «Леонов» және «Полтавское» шаруашылықтарына 5 млрд теңгеге әкелінген 722 бас қара малдан вирустық диарея және Шмалленберг ауруы анықталған болатын. Кеселдің қауіптілігі сол, ол адамдарға, әсересе жүкті әйелдерге тез жұғады екен.

Шетелден мыш-мыш ақшаға сауын сиыр сатып алып, мұндай қауіпке тап болатыны Қазақстандық шаруалардың үш ұйықтаса да түсіне кірген жоқ. Енді міне, Шмалленбергтен келген сол кесапат ауа арқылы тарап, төрт аяқты тұрмақ, екі аяқтыға да кесірін тигізуі мүмкін. Жерлестеріміз дер кезінде 7 өлшеп, бір кеспеген жауаптыларға өкпелі.

«Үкімет тарапынан пәленбай ақша бөлінгеннен соң, ондай мәселеге бей-жай қараған дұрыс емес деп ойлаймын. Шетелден әкелінген іріқараның құжаттарын қарамаған адамды жазалау керек. Мүмкін емес, білместіктен ондай ауру малдарды әкелу. «Егемен Қазақстан» газетінде бұл мәселе тағы жазылыпты. Ол жерден түсінгенім, бұл ауру ауамен беріледі екен. Сонда ол кесел малдар бір жылдан бері Павлодардағы малдың бәрін құртты емес пе?» — дейді сондағы қарттың бірі ашынып.

Асқақалдың астаналық қонақтарға деген бұл назы орынды. Павлодарды жайлаған індет Оңтүстікке де келуі ғажап емес деп сабырсызданады. Қай жақтан кетсе де қателіктің болғанын министрліктің өкілі мойындайды.

Сақташ ХАСЕНОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы: «Ол малдарды өртегені дұрыс. Өйткені, олай жасамасақ, барлық облыстарға аты жаман ауру жұғатын түрі бар. Дұрыс айтасыз. Ветеринарлық жағынан да бір қателік болған шығар. Бірақ өздеріңіз білесіздер, мемлекет те, облыс әкімдігі де зардап шеккен жекеменшік шаруаларға жәрдем жасауға уәде беріп отыр».

Көмек беріледі. Дегенмен, өңірдегі төрт түлік үшін аты жаман аурудың аулы алыс деп ешкім кепілдік бермейді. Оған қоса, індет адамдарға да тарағыш көрінеді. Министр Асылжан Мамытбеков «…солтүстік аймаққа келген шығын өтелмесе, Қазақстан Австриямен соттасады деп кезекті рет мәлімдеді. Бұл жолы ол тек материалдық шығынды емес, моральдық нұқсанды да өндіреміз деп ашуға мінді фермерлермен соңғы кездесуінде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K4aV7BB-L_g[/youtube]