Енді шымкенттіктер халықаралық аренаға шығуға дайын

Гордый атты сәйгүлікке тәтті беріп, оны баптайтын Катя есімді спорт шебері. Бүгінде ол конкурдан шәкірт дайындап, бапкерлерге көмектесіп те жүр. Жас та болса болашағынан үміт күттірер жерлестеріміздің бірі. Жуырда ғана бойжеткеннің сұранысы бойынша конкур аттарына арнайы құрал саймандар да сатып алыныпты.

енді шымкенттіктер халықаралық аренаға шығуға дайын
Енді шымкенттіктер халықаралық аренаға шығуға дайын

Екатерина Орловская, спорт шебері, бапкер: «Алда көктем. Ал бұл қалпақтың арқасында аттың құлағы шыбын-шіркейден сақ болады. Мұндай құрал саймандарды Германиядан арнайы тапсырыспен алдыртық».
Енді Германиядан алып келінген әшекейлерімен конкуршыларымыз көктемде оңтүстік астанаға жол таратын болады. Ел чемпионатында облыс қоржынын жүлдеге толтырсақ дейді шымкенттіктер. Сол себепті де бүгінде тынбай еңбектенуде.

Ал Балнұр Садық болса, 3 жылдан бері конкур спорт түрімен шұғылданып келеді. Арчебальдтың үстінде талай белестерді бағындыратынына жерлесіміз сенімді. Наурыз айында екі бірдей жарыс бар. Сол бәсекелерде олар дайындықтарын байқап, республикалық додаларға іріктелінеді. Маусымда конкуршылар Ресейге де шықпақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lBx-MvoH4Is[/youtube]