Заңсыз саудамен күрестің ауқымы кеңейді

519
Ретсіз саудамен күрес жалғасуда
Ретсіз саудамен күрес жалғасуда
Ретсіз саудамен күрес жалғасуда

Бүгін таңертең кезекті рет заңсыз саудамен күрес басталды. Жыры да, сыны да бітпейтін заңсыз сауданы жоюға кіріскен топ, жұмысын «Қырғы» базардың маңынан бастады. Мұнда аялдамаға дейін аяқ алып жүргісіз. Тіпті жаяу жүргіншінің жолдарын да жабайы сауда қатарлары қаптап жатыр. Саудагерлермен тілдеспек болған жауапты органдарға саудагерлер шап беріп, кеткеннен кейін бәрібір саудаларын жалғастыра беретіндіктерін айтып салды. Бұл дегені бәрі бұрынғысынша қалуы мүмкін. Тек бұл жолы күрестің ауқымы кеңейген секілді. Бірден Абай, әл-Фараби, Еңбекші аудандарының мамандары шықты.

«Қырғы» базардың маңындағы рейд қып қызыл айқаймен басталды. Аялдамаға дейін жабайы сауданың көзін жойған жауапты орган, енді жаяу жүргіншінің жолын тазаламақ ниетте. Саудагерлерге қырғидай тиген тексеруші топтан тұрған жерлері заңсыз екенін алғаш естісе керек, сатушылар тулай кетті бірден.

Сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Фарида: «Бұл жерді заңсыз деп ойламадық. Күнделікті ақшасын төлеп отырмыз. Ешкім тегін отырған жоқ. Тек осындай тексеру келген кезде олардың біреуін де таппайсың, сіздер кетісімен келіп, ақшасын жинайды».

Заңсыз сауда орындарын жоюға білек сыбана кіріскен кәсіпкерлік бөлімі осыған дейін 81 хаттама толтырып, 73-ін әкімшілік сотқа берген, мемлекетке айыппұл төлеткендерін айтып ағынан жарылды. Сондықтан кезекті көзбояушылық емес деп сендіргісі де келді.

Марат Әбілқайыров, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары: «Күні-түні үздіксіз кезекшілік қойып қойдық. Сонда да шыға береді, жаймасын жая береді. Аялдамаға дейін тазаладық. Сол сияқты мұның да жолын жоямыз. Арнайы үш топ жұмыс істеп жатыр».

Тауарларын аялдама орындығының астына тығып, жасырып жатыр
Тауарларын аялдама орындығының астына тығып, жасырып жатыр

Ал заттарын уақытша тығып қойған сатушылардың бірі қорытынды шықпайтынын ашық айтты. Қанша қудаласа да базар ішіне кіруге қауқарсыз.

Сатушылардың мұндай әрекетін жергілікті учаскелік инспектор жақсы біледі. Қанша жауапкершікке тартсақ та, заңсыз орында сауда жасаудан бас тартпайды дейді.

Сатушылар базар ішіне кіруге қауқарсыз
Сатушылар базар ішіне кіруге қауқарсыз

Ердаулет Ниязов, учаскелік инспектор: «Екі жылдан бері осында учаскелік инспектормын. Күніге рейд. Біз үнемі қадағалап отырғанымызбен басқа да жұмыстарымыз жетіп артылады. Кете салысымызбен қайтадан шығып алады. Қайтадан қуамыз .»

Жалғыз базарда ғана емес, қаланың үлкен даңғылдарындағы жаймалардың да көзін жойды бұл жолы. Уақытша болса да, қала заңсыз сауда орындарынан бір сәтке тазарып қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=idFsIULT4RA[/youtube]