Зергерлік бұйымдарға да күтім керек. Әсіресе, алтын, күміс бұйымдарды қарайып кетуден сақтаңыз. Оның сырын білмесеңіз, бөлісейік. Төмендегі кеңестер қаперіңізде жүрсін.
Алтынды жылы сабынды суда 15-20 минут ұстап, кәдімгі тіс щеткасымен тазалап көріңіз. Алтын алқаларды тазалағанда мына кеңесті қолданып көріңіз. Сабын су құйылған бөтелкеге салып, бірнеше рет жақсылап шайқаңыз. 5 минуттан кейін қайта шайқап, алқаңызды түкті матамен сүртіп, жылтырын келтіріңіз.
Күміс ― алтыннан да қатты металл. Оның түрлі инфекциямен күресе білетін емдік қасиетін осыдан 4000 жыл бұрын ежелгі гректер анықтап білген екен. Содан да олар сұйық тағамдарын осы күмістен жасалған ыдыстарда сақтаған. Ежелгі Египет білгіштері түрлі жарақатқа күміс пластинкаларды салған. Ал олар өзінің қасиетімен жара орнының тез жазылуына себеп болып отырған. Славяндар ыдыстың түбіне күміс монетаны салып, ондағы сусынды тазартып, «жандандыратын» болған.
Шынымен де суға, жеміс-жидек сусындарына, алкогольсіз, жартылай алкогольді ішімдіктерге салынатын күмістен (пластина, теңгелік, таяқша, т.б. түрлері) күміс иондар бөлініп, сол сұйықтың құрамына енеді. Сөйтіп, ол сол сусынның сақталу мерзімін, яғни ұзақ уақытқа төзімділігін арттырып, тұтынушы ағзасына тигізер пайдалы әсерін молайтады.
Күмістің осыншалық пайдасын біліп алған шеберлер одан көпшілік тұтынатын заттар ― әшекей бұйымдарын, қасық, шанышқы, пышақ, шәй сервиздерін, сағаттар, айна мен сурет салып қоятын әдемі рамалар, жиһаз жиектегіштер және басқа нәрселерді жасап шығаруда.
Бұл металдың адам денесінен ауру-сырқауды аластайтын, тіл-көз тиюден, дуадан қорғайтын, жағымсыз тілек пен ниеттен үй ішін тазартатын, отбасының, ерлі-зайыптының ауызбірлігін арттыратын қасиеті бұрыннан белгілі. Тіпті ең кішісі, мойынға тағатын күміс кулонның түрлі ерекшелігі болады екен. Бұл туралы біз газетіміздің келесі сандарының бірінде толығырақ әңгімелейміз.