Жетісайлық әйел ломбардқа алтынға ұқсас бижутерияларын алдап өткізіп жіберген

3811

Жетісай ауданында жергілікті тұрғын алтынға ұқсас бижутерияларды ломбардқа өткізіп жіберген. Келтірілген шығын – 4 млн теңге.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына ломбард қызметкері шағым түсірген. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас бижутерия алқаларын өткізіп, алдап кеткен.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жергілікті тұрғын полицияға жеткізілген.

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып келген күдікті әйел алғашқы уақыттарда алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп, артынан бижутерия бұйымдарын да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Күдікті жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратып үлгеріпті. Қазіргі тергеу амалдары жүргізілуде.