Шым қалада алғаш рет батутта секіруден және акробаттық жолақта жүгіруден облыс біріншілігі өтті. Бұл турнирге қатысуға ең жас гимнасттар да келді. Олардың арасында жарысқа енді ғана шыққан спортшылар да болды. Жеткіншектер батутта секіріп, акробаттық жолақта сынға түсті. Бар жоғы 111 үміткер.
Біріншілікке Түркістаннан да спортшылар келіпті. Жарыс ұйымдастырушылары акробатика мен батутта секіруді аудандарда дамытуды да қолға алыпты. Оның үстіне бұл олимпиадалық спорт түрлерінің тізіміне еніп, әлемде қарқынды даму үстінде.
Тимур Әміртаев, ОҚО гиманстика мектебінің директоры: «Спорттың бұл түрлерін олимпиада тізіміне енгізгелі қызығушылық арта түскен. Ең бастысы балалар арасында талпыныс бар. Ол дегеніміз чемпиондарды дайындау үшін бапкерлердің шеберлігі қажет. Әрине, бұл тұста іріктеудің де маңыздылығы зор».
Бүгіннің өзінде облысымызда Әлем чемпиондары бар. Пермамед Алиев, Александр Шинкарев және Зухриддин Иманов сынды халықаралық спорт шеберлері де тәрбиеленуде. Ал кейінгі ұрпақ ағаларының ізін бассақ дейдің.
Екі күнге жалғасқан облыс біріншілігінің қорытындысы бойынша Түгел Әділет, Дарья Андреева, Али Аббасов және Дарья Дунаева сынды 12 жерлесіміз батутта секіруден үздік танылды. Ал акробаттық жолақта сынға түскендердің арасынан Самандар Анваров, Анастасия Скулкина, Жасұлан Дауылбаевтар жеңмпаз атанды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V-hDZqe1yAw[/youtube]