Күнгейлік спортшылар Олимпиада жүлдесінен үмітті

502

Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында шымкенттік саңлақтар да жүлде үшін таласады. Фристаил акробатика спорт түрінен жаңаланып жатқан әлемдік рейтингте үш бірдей спортшымыз жолдамаға ие болғаны белгілі болды.

Олар – Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ақмаржан Ақжігіт. Жақын күндері тағы екі жерлесіміздің бағы жанып, Оңтүстік Кореяға жол тартуға мүмкіндік алады. Оңтүстіктің спортшылары Әлем Кубогы үшін кезеңдердің жетеуіне де қатысып, ұпай саны бойынша дүниежүзілік рейтингінде үздіктер қатарынан көрініп тұр. Ендігі мақсат – Олимпиада жүлдесі.