Елдің мемлекеттік рәміздері аса қасиетті саналады. Өкінішке орай, бізде рәміздерімізді асқақтатып, құрметтеу жағы кемшін. Олай деуге себеп те жоқ емес. Кеше Ордабасы алаңында орналасқан мешітке барғанымда Тәуелсіздік саябағында желбіреп тұрған көк туымыздың жұлма-жұлмасы шығып, шұрық тесікке айналғанын байқадым.
Біздің өзгеге еліктеп-солықтап жататын жаман әдетіміз бар ғой. Десек те, енді мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуді де сол шет елдерден үйренуіміз керек сияқты.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі. Сондықтан, мұндайды көріп өскен жастардан болашақта не сұрауға болады? Олимпиада кезінде де көк туды көтерсек деген мақсатымыз бар. Бірақ, оның біресе теріс қарап, біресе ойылып қалғанына куә болып жүрміз.
Елiмiздiң алып көк байрағы Ордабасы алаңынан 50 метр биiктiкте желбiреп тұр. Мемлекеттiк рәмiздер алаңына табан тiрегендердiң жүректерiнде өз елiне деген мақтаныш сезiм ұяламауы мүмкiн емес. Бірақ, қаймағы бұзылмаған оңтүстіктегі байрағымыздың сиқына қараңыз! Құрметті редакция осы хатымды билікке жеткізсеңіздер. Құрметпен қала тұрғыны Қалдыкүл!
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rDw9nfKDJSs[/youtube]