Тутұғырдағы көк байрақ жаңартылды

27
фото КАӘБҚ
2024 жылдың 6 қарашасында Келес ауданы аумағында қолайсыз ауа-райы орын алды. Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрды. Нәтижесінде аудан орталығы Абай ауылындағы тұғыр үстіндегі Мемлекеттік Туға зиян келген болатын.
Орын алған жайт бойынша жауапты мекемелер шұғыл түрде Мемлекеттік туды қалпына келтірді.
Айта кетейік, аудан орталығындағы Тутұғыр 2019 жылы ашылған. Тұғырдың биіктігі – 30 метрді құраса, Тудың ені – 3 метр, ал ұзындығы – 6 метр.