Өз ісіңді қалай ашып, оны қалай жандандыруға болады? Ең бастысы, сататын тауарыңның жарнамасын қалай дұрыс жасаған жөн. Осындай сауалдардың барлығына жауапты «Бизнес мектебінен» оқып, үйренуге болады. Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Шымкенттегі бір кәсіпкермен бірлесіп, өз тәжірибелерімен және құпияларымен бөлісу үшін арнайы мектеп ашты.
Валерий КИМ, жеке кәсіпкер: «Басты мақсат, өз ісін ашқан кәсіпкерлерге тәжірибеде де, теорияда да кеңес беру. Егер біздің бизнес мектепті басқалармен салыстырып айтар болсақ, бізде оқытудың қатып қалған стандарты жоқ. Жаңа бағыттармен жұмыс істеуге құлықтымыз».
Мұндай шеберлік сабақтарын «Бизнес мектебі» осымен екінші рет өткізуде. 2010 жылы да ондағы мамандар кәсіпке құлқы бар 200-ден аса бизнесменді оқытып еді. Тіпті, олардың ішіндегі 11 кәсіпкер өз ісін де ашып үлгерген. Жобаның ұйымдастырушысы Елена Швецова мұндай тненингтің аса қажеті екенін айтады.
Елена ШВЕЦОВА, жобаны ұйымдастырушы: «Тренингке келген азамат сабақ барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, немесе басқалардың ойын да білуіне болады. Сабақтар екіге бөлінген. Яғни, теорияда жаіа тақырыптар берсек, практикада басқа жұмыстарды атқарады».
Бизнес жайлы тегін білім беретін оқытуға кәсіп ашамын деген кез келген азамат қатыса алады. Тренингтің әрбір кездесуінде қатысушыларға бұл күндері үлкен кәсіпкерлерге айналған тұлғалар дәріс береді. Ұйымдастырушылар осы сабақтар көптеген бизнес тұлғалардың қалыптасуына септігін тигізеді деген үмітте.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CCR6rEq9GNI[/youtube]