Қайтарымсыз грант алған көпбалалы әке омарташылықпен айналысып жүр

144

(Фото: ашық дереккөз)

Шымкент тұрғыны Олжас Сырлыбаев омарташы кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Соның арқасында көпбалалы әке құрал-саймандар сатып алып, табыс көзін арттырған.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер кісі ара шарушалығымен айналысуды осыдан 6 жыл бұрын бастаған екен. Қайтарымсыз грант алып, кәсібін кеңейткен оның бүгінде жылдық табысы  9 миллион теңгеге жетіп отыр.

Қала тұрғыны мамыр айынан бастап күзге дейін бал араларын табиғат аясына күтіп-баптайды. Қазіргі таңда 80 омартасы бар. Көбіне карника арасын ұстайды. Сондай-ақ кәсіп иесі ара шаруашылығымен айнасқысы келетіндерге оның қыр-сырын үйретіп те табыс табады.

Айта кетсек, жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Бұл қолдаудың халықты жұмыспен қамтуда, шағын бизнесті дамытуда септігі зор.