Шымкентте кәсіпкер азаматтың үйінде қанды қырғын болды. Төрт адамнан құралған топ кәсіпкердің жанұясын қырып салмақ болған.
Сөйтіп 1963 жылғы азамат пен оның ұлын азаптап өлтірген. Ал әйелі мен қызы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. «Қызының жағдайы өте нашар»,-дейді дәрігерлер.
Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән жайы зерттелу үстінде. Әзірге тонау болғаны анық.