Мамандар туберкулезді анықтауға базарға барды

278
Флюрография қондырғысын Самал және қырғы базарларға қойылды

 

Флюрография қондырғысын Самал және қырғы базарларға қойылды
Флюрография қондырғысын «Самал» және қырғы базарларға қойылды

Жыл сайын әлемде туберкулезден 1,7 млн адам көз жұмады екен. Ал елімізде жылына 15 мың осы ауруға шалдығады. Туберкулезді неғұрлым ерте анықтаса емдеу де соғұрлым нәтижелі болады.

Құрт ауруын тұрғындар арасында анықтау үшін салауатты өмір салты орталығының мамандары адам көп шоғырланған базарға баруды ұйғарыпты. 

Қала орталығындағы екі ірі базар: Самал мен қырғы базарларда флюрографияға түсіретін көліктер таңертеңімен орналасыпты. Кезек әп-сәтте жинала қалды. Өйткені, жақын жерге келген медициналық қызметтен ешкімнің қалғысы келмеді.

Білікті дәрігерлер базарға келген тұрғындарға, әсіресе саудадағы азаматтарға тегін кеңес беріп, сауалдарына жауап берді. Күлшат Әлиеваның сауда саттықпен айналысқанына 15 жылдан асыпты. Денсаулығы сыр берген күнде де ақ желеңділерге арнайы баруға еш қолы тимепті. Ал бүгінгі акцияны ол қуана құптады.

Айта кетейік, кох таяқшасынан туындайтын жұқпалы ауруды емдеу де, оны анықтау үшін өкпені флюрографияға түсіруде тегін жүргізіледі.

Егер сіздің 2 апта бойы жөтелуіңіз тоқтамаса, тәбетіңіз жоғалып, көкірек тұсыңыз ауырса бұл құрт ауруының белгілері екендігін ескеріп, дәрігерге қаралыңыз. Сіз туберкулезді тоқтата аласыз!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MlnppVWOPm8[/youtube]