Мәскеуліктер жерлестерімізге көктемгі көңіл-күй сыйлауда. Бір ай бойына әйгілі «Никулин» циркінің әртістері оңтүстік халқына күлкі сыйламақ. Күні кеше ғана цирктің алғашқы қойылымын біз де тамашалап қайтты.
Бұл кеш бұрынғыдан өзгеше. Құрамында 20 дан астам әртісі бар, әйгілі «Никулин» циркі қонақта. Сондықтан болса керек келушілер де көп.
Дмитрий Шиндров шымкенттің сахнасында алғаш рет өнер көрсетуде. Мұндағы әр бір көрерменнің көңілін аулап, күлкі сыйлау оңай емес дейді мәскеулік сайқымазақ.
Дмитрий Шиндров, сайқымазақ: «Бұл үлкен жауапкершілік. «Ю.Никулиннің» циркі өзіне тән мәтінмен жұмыс жасайды. Жылдар бойы жинай білген дәрежесі мен беделі де бар. Ол еңбекпен дайындықты талап етеді. Сол себепті де әріптестерімді ұятқа қалдырмауым тиіс».
Осы күні ит, аюмен қатар сәйгүлікітерін ала келген Никулин циркінің өкілдері көрермен үшін қайталанбас көңіл күй сыйлады. Бәрі мәз мейрам.
Ал әуе акробаттарының өнерін шымкенттіктер көпке дейін естен шығармасы анық. Мәскеулік өнерпаздар Наурыздың соңына дейін оңтүстік жұртшылығын қуантпақ.