Оңтүстікте электр энергиясына тапшылық 50 пайызды құрайды. Сондықтан жаңармалы қуат көздерін пайдаланып, өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты толықтыруымыз керек. Ол үшін облыста күннен, желден және ағынсудан қуат өндіру станциялары салынады. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев жаңа пилоттық жоба бойынша жиын өткізді.
Пилоттық жобаның негізгі орталығы ретінде Бәйдібек ауданы таңдалып отыр. Өйткені, онда үш түрлі қуат көзін алуға болатын күн шуағы, су һәм тау да бар. Бастамашылар алдағы 5 жыл көлемінде ауданнан 10 нан астам шағын гидроэлектр станциясымен бірге 2 ірі жел станциясының құрылысы да жүргізіледі дейді. Ал күннен қуат алатын құрылғылар да облыстың өзге аудандарына орнатылмақ.
Баламалы энергия заңы қазір қабылдану үшін түрлі деңгейде талқылану үстінде. Егер қуат көзін өндіруші орталық құрар кәсіпкер болсаңыз, мемлекеттен тиісті қамқорлықтың бәрі жасалады. Бұл қабылданбақ жаңа заңның тиімді тұстары.
Биылдың өзінде қуаттылығы 250 мегаватты құрайтын 3 желпаркі салынса, 1 шағын гидроэлектростанциясы мен 1 күн сәулесінен қуат алатын бекет салынады. Мамандар жаңармалы энергия көздерін жасауға кеткен шығын бес жылда өзін-өзі ақтайды деп сендіріп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wDb9C23wu_g[/youtube]