Шыңыраудан бір-ақ шыққан

1076
16 метрлік құдық
16 метрлік құдық
16 метрлік құдық

«Пәлекет — табан астында». Шымкенттегі Коммунизм бөлімшесінің тұрғыны өз ауласындағы құдығына құлап, мертікті.

Күн жарықта су тартатын құдығын тазаламақшы болып іске кіріскен ер адам, абайсызда шыңыраудың түбінен бір-ақ шыққан. Мұны көрген үйдегі адамдар жалма-жан құдыққа қарай жүгіріп, құтқаруға ұмтылады. Бірінен-соң бірі шалқан тартқандай тырысқанымен, одан еш нәтиже шықпайды. Ақырында құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген.

Облыстық ТЖД құтқару жасағының мамандары альпинистік құрал-саймандарды пайдалана отырып, жарақат алған азаматты қауіпсіздік белбеуімен байлап, құдықтан шығарды.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтысына қарағанда, салмақпен құлаған оның екі аяғы да сынған. Тереңдігі 16 метр құдықтың суы тартылып қалған. Әйтпегенде, жігіттің тұншығып қалуы әбден мүмкін екен.

Жалпы, құтқарушылар «мұндай оқиғаның аракідік орын алып тұратынын, алайда, жыл басынан бергі алғашқы жағдай екенін алға тартады.