Абайлаңыз! Шымкенттің орталық көшелерін атжалмандар қаптап кетті. Оның үстіне оларда аса қауіпті аурулардың түрі де табылған. ОҚО СЭҚ департаментінің мамандары тексеру жүргізген 126 егеуқұйрықтың тоғызынан жұқпалы аурулар анықталып отыр.
Ал Шымкент қалалық әкімдігінде өткен жиында биыл сол індет таратушы кеміргіштерді жоюға қаржы бөлінбейтіні айтылды. Тазалық мамандары төтеншеліктердің қортындысын күтіп отыр. Шенеуніктер қағазбастылықа салынып жүргенде, облыс орталығында шын мәнінде төтенше жағдай орын алуы ғажап емес.
Кеміргіштерден әбден күйген тұрғындардың жан айқайы жоғарыдағыларға жетер емес. Шымкент қаласын қаптап кеткен егеуқұйрықтарды жою үшін 2011 жылы бюджеттен 23 млн теңге қаржы бөлініп, бір қуанғанбыз. Есесіне, 2012 жылы арқаны кеңге салып, бұл мәселеге ешкім назар аудармады. Сөйтіп жүргенде атжалман тістеген үш азамат емханада емделіп үлгерді.
Егеуқұйрықтар күн санап көбейіп барады. Орталықтағы үй жертөлелері мен кәріз жүйелерін олар барынша басып алған. ТЖБ мен СЭҚ департаментіндегілер болса, қауіпті жәндіктердің мәселесін шешеміз деп бір біріне хат жазумен шаршап жүр. Төтенше жағдайлар басқармасындағылардың жауабынын ұққанымыз СЭҚ департаментіндегілір кеміргіштерден таралатын індеттің қауіптілігін дәлелдеп арнайы қорытынды берулері тиіс. Сонда ғана қалада төтенше жағдай жарияланып, бюджеттен қаржы бөлінеді.
Ресми құжат дайындалғанша, тексерілген 126 егеуқұйрықтың тоғызынан аса қауіпті жұқпалы аурулардың бары анықталған. Ал тазалық сақшылары қалада кеміргіштерден қауіп күшті екенін растайтын құжат беруге қорқып отыр.
Осы мәселені Шымкенттік шенеуніктердің шеше алмай жүргендеріне бірнеше жылдың жүзі болды. Өзге қалаларда егеуқұйрықтарды жоюға жыл сайын бюджеттен қаржы қаралады. Жауапкершілікті бір-бірімізге сілтеп жүргенде, Шымкентте атжалмандарға қатысты шын мәнінде төтенше жағдай орнамасына кепілдік жоқ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ysAWnF5IsRM[/youtube]