Шымкенттегі тау боп үйілген фосфор қалдығынан миллиардтап табыс табылады

808
фосфор қалдықарының кесектері мынандай..
фосфор қалдықарының кесектері мынандай..
фосфор қалдықтарының кесектері мынандай..

Оңтүстіктің ғалымдары жаңалық ашты. Олар жер бетінде сирек кездесетін металлды алысқа бармай, Шымкенттен тапты. Бір келісінің өзі жүздеген доллар тұратын құнды бағалы метал шымқалада шашылып, қараусыз жатыр деп ашынады ғалымдар.

Мына тау боп үйілген фосфор қалдықтары бұрынғы Шымкенттік алып зауыттың мұрасы. Өндіріс қалдықтары қорғасын сияқұты залалды болмағанымен, экологтар жою керек деп есептейді.
Рахымберді Өтебаев, ОҚО экология департаменті директорының орынбасары: «Біріншіден фосфор қалдықтары ауқымды жерді алып жатыр. Екіншіден, кез келген жерге қалдықты тастауға болмайды. Біз ауқымын азайтуды ұсынып отырмыз. Талап солай».

 Бұл ауқымды қалдық қана емес, бағалы элементтердің бай жиынтығы деп есептейді биологгия ғылымдарының докторы Ақмарал Исаева. «Біз алдын ала есепту жүргізгенімізде, фосфор қалдықтарындағы сирек кездесетін элементтердің мол екенін анықтадық. Жер шарында мұндай бағалы элементтердің кені жоқтың қасы»,-дейді ғалымның өзі.   

Қайта өңдеу арқылы біздің облысқа миллиардтап табыс табуға болады дейді ғалымдар. «Бұл әлемдегі тонналап емес, келілеп сатылатын жалғыз қазбалы байлық. Сатып алу және сату  туралы сайттарды қарағандар фосфор қалдықтарының құрамындағы бағалы элементтің келісінің өзі жүздеген доллар тұратындығына көз жеткізе алады»-дейді Ақмарал Исаева.   —

 Қазір жер бетінде сиррек кездесетін металдарды өңдеуде Қытай дес бермей тұр. Бірақ қазақстандық ғалымдардың Қыайды он орап алатын мүмкіндігі бар. Өйткені қайта өңдеу саласында тәжірбие бай дейді оқымысты қауым.

Бұл металдар космос өндірісінде тым қажет, аса бағалы. Сондықьан да болашаққа өте керек. Миллардтап табыс табудың кілті, фосфор қалдықтарын өңдеуде серпіліс болады деп сенеді Ақмарал Исаева бастаған ғалымдар тобы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SMvUXa1ToBM[/youtube]