Шымкент қорғасын зауытынан шыққан өндірістік қалдықтар толық өңделеді

146
Қорғасын зауытының тау болып үйілген қалдықтары

Ұзақ жылдардан бері экологиялық проблема туғызып келген Шымкент қорғасын зауытынан шыққан өндірістік қалдықтар түгелдей жойылатын болды. Тау болып үйілген күл ендігі жерде жаңа технологияның көмегімен өңделіп, одан түсті металға арналған концентарт және цемент қоспасы шығарыла бастады.

Компания басшылығы «түсті металдың концентратына сұраныс өте көп. Дәл қазір біз оны «Қазақмысқа» жіберіп жатырмыз. Содан кейін Өзбекстанның Алмалық заводына жіберіп жатырмыз. Ал енді осы жылдың алғашқы жарты жылдығында осы жерде 2 пешті іске қосамыз. Сонда ешқандай қалдық қалмайды»,- дейді.