Нәзік жандылар өнеркәсіпте, білім, денсаулық саласында, бизнесте жетістікке жетіп, қоғамға үлесін қосып жүр. Шаһардың дамуында да олардың белсенділігі айтарлықтай. Қала әкімдігі халықаралық әйелдер күніне орай әрбір істе бастамашыл болған қыз-келіншектердің басын қосты. Олардың арасында бүгінде зейнет демалысына шықса да, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүргендері де бар. Отбасында аяулы ана, еңбекте жемісті, табысты әйелдердің көздегені — тек болашақтың жарқын болуы.
Жанетта Жазықбаева,»Балаларды СПИД-тен қорғау» қоғамдық қорының төрайымы:»Осы жұмысқа келген кезде отбасыммен ақылдасып келдім. Әрине қиын жұмыс. Бірақ балалардың болашағы үшін, аналардың денсаулығы үшін. осы дертке шалдыққан балалармен олардың ата-аналарының назараын аудару үшін осы қоғамдық қорға қызмет етуге келдім.Мерекелеріңізбен, қымбатты қыз-келіншектер».
Қазіргі таңда қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында, өнеркәсіп салаларында 41 мыңнан аса әйелдер еңбек етуде. Білім беру мекемелерінде басшылық қызмет атқарып жүргендері де аз емес.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=a0Maf9EgiPM[/youtube]