Қайыршылық кәсібіне тосқауыл жоқ

492
Жарты сағатта 12 қайыршы ұсталды

 

Жарты сағатта 12 қайыршы ұсталды
Жарты сағатта 12 қайыршы ұсталды

 

 

Шымкентте қайыршылар қаптап барады. Алақан жайып, күн көретіндерден аяқ алып жүргісіз. Мұны ескерген ішкі істер басқармасы қаланы қайыршылардан тазартуға кірісті. Айналдырған жарты сағаттың ішінде полицейлер ондаған қаңғыбасты ұстады. 

Шымкентте қайыршының түр-түрін көресіз. Бірі шын мәнінде жоқшылықтың зардабын тартса, бірі бір жұтым араққа тиын жинап жүр. Ал кейбіреулері тіпті кәсіпке айналдырған. Соңғы кездері оларға сығандар да көптеп қосылып жатыр.

Полицей көлігінің қала орталығын бір айналым жасауы жеткілікті екен. Автобус іші әп-сәтте лық толды. Әрқайсысының тағдыры әрқилы болғанымен, барлығының бірдей құжаты жоқ.

Кейбірі тура жұмысқа шыққандай күні бойы қаршылық етеді, табысын иесіне апарып береді. Бұл жолы олай болмады, арбасымен қосып полицейлер әкетті.

Ұсталған қайыршылардың барлығын қалалық ішкі істер басқармасына әкелді. Елімізде қайыршыларға арналған заң жоқ. Бірақ олардың қандай адам екендігін білуіміз керек дейді полицейлер.

Қайыршылармен күрес уақытша жағдай. Тыйм салатын арнайы заң болмаған соң,. құқыққорғаушылардың да қолы байлаулы. Ал әзірге қайыршылық бірәз адам үшін жақсы дамыған, шығынсыз кәсіп боп тұр.