Бүгін ғашықтар күні

1078
"Ғашықтар" аллеясы
"Ғашықтар" аллеясы
«Ғашықтар» аллеясы

15 сәуір – қазақтың махаббат мерекесі. Екі жыл бұрын дәл осы күнді ғашықтардың төл мерекесі «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деп белгілеген болатын. Әр тараптан ұсыныс айтылса да жастарымыз «Әулие Валентиннің» шекпенінен шықпаған еді. Әйтсе де сірескен сең бұзылып, екі жылдан бері шымкенттіктер де қазақтың махаббат мерекесі атап өтуде.

жас жұбайлар
жас жұбайлар

Надыр мен Ырсай бүгін отау тікті. Қос ғашық қосылып, шаңырақ көтерді. Екеуінің де қуанышында шек жоқ, болашақтарынан үлкен үміт күтеді. Неке тойларын махаббат күнінде өткізуді жөн санапты.

Надыр, күйеубала: «Бір-бірімізді сүйіп, қосылдық. Барлық жандарға мөлдір-таза махаббат тілеймін. Біздің жолымызды беріп, бақытты болыңыздар. Артымыздан ұрпақтарымыз ере берсін».

Бұл- жас жұбайлар аллеясы. Махаббат мерекесі қарсаңында қаламыздағы дендрологиялық саябақта бой көтерді. Қол ұстасқан ғашықтар өздерінің ағаштарын отырғызып, мәз-мейрам болды. Ендігі мақсат, дер кезінде суғарып, өсіру. Бұл игі шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бастап отыр.

Жаңа Жас жұбайлар" аллеясы
Жаңа Жас жұбайлар» аллеясы

Даурен Дүйсебаев, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім бастығы: «Жас жұбайлардың жас көшеттері. Өздерімен бірге өседі, көгереді. Қараусыз қалмайды. Келіп суғарып тұрады».

Ал Наурыз бен Ұлбала шын ғашықтар. Өмір бойы қол ұстасып өтуді армандайды. Жас жұбайларға ілесіп, оларда өздерінің махаббат ағашын көшетін отырғызды. Құдай қаласа, келер жылы үйленеміз деп отыр.

ғашықтар
ғашықтар

Наурыз бен Ұлбала: «Барлық шымкенттіктерді ғашықтар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бақыт, береке, байлық тілейміз».

Сезім мен сенім мәнін жоғалтып, жастар арасында желігу басым боп тұрған мына заманда, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың, Қыз Жібек пен Төлегеннің, Еңлік пен Ке­бектің арасындағы нағыз махаббатты насихаттауымыз керек-ақ. Сонда ғана жас ұрпақ махаббаттың құнын төмендетпейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZJbMMoAHJkQ[/youtube]