Балалар алаңшасының ортасынан мемлекеттік мекеме кеңсе ашты

238
Тұрғындардың наразылығын тудырған кеңсе осы
Тұрғындардың наразылығын тудырған кеңсе осы
Тұрғындардың наразылығын тудырған кеңсе осы

 

Аула үшін күрес. Бүгін Шымкент тұрғындары аула клубын сақтап қалу жолында жаға жыртысуға дейін барды. Бұрын соңды балалар алаңшасының ортасынан мемлекеттік мекеменің кеңсесін көріп пе едіңіз? Көре қалсаңыз, таң қалмаңыз. Мұндай ғимараттардың бірі Асқаров көшесіндегі үш бірдей көп қабатты үйдің ауласына салынбақшы. Ал жергілікті жұрт бұған қарсылық білдіріп наразылыққа шықты.

мұнда балаларға арналған шахмат клубы болса дейді тұрғындар
мұнда балаларға арналған шахмат клубы болса дейді тұрғындар

2007 жылы «Аула» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен бұл балалар алаңшасында ғимараттың бой көтергенін көрген тұрғындар аула клубы салынады деп қуанған екен. Алайда қуаныштары көпке созылмапты. Бір жыл ғана шахмат клубы болып жұмыс істеген ғимарат кейінен қаңғыбастарға пана болып, қараусыз қалған. Енді келіп, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жайғасыпты. Бұған бұрыңғы Октябрьская көшесіндегі үш бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары қарсы.

Сара Әлімқұлоава:»Балалар алаңшасы болған соң, солай қалу керек. Мемлекеттік мекеме орналасып алды. Ертең оған келушілер көп болады. Балаларымыз аяқ асты қалып кетеді деп қорқамыз. Алдымыз жаз, оданда шахмат клубын ашып бермей ме?»

Мемлекеттік мекеменің балалар алаңшасының арасында орналасқаны сырт көзге ерсі көрінеді дейді наразы топ. Одан қалса, кешелі бері ауланың ішін қазып тастапты. Сұраған жұртқа кәріз жүйесінің құбыры деп түсіндірген көрінеді. Осылайша онсызда оңбай тұрған ойын құрылғыларына көңілі толмай жүрген жұрттың көңіліне қаяу түсірген.

 

Балалар алаңшадан мемлекеттік мекеменің кеткенін қалайды
Балалар алаңшадан мемлекеттік мекеменің кеткенін қалайды

«Қуат жылу орталығы» коммуналдық кәсіпорын мекемесі деп төлқұжаты ілінген ғимараттың ішінде өзін мекеме директорының орынбасарымын деп таныстырған мына азамат қандайда бір түсінік беруден бас тартты.

Осыған дейін Абай аудандық әкімдігіне, содан кейін облыстық проуратураға шағымданған тұрғындардың наразылығын арқалап әкімдікке де келдік. Мұндағылар қараусыз қалғанша, мекеменің орналасқанын орынды көріп отыр.

Жарқынбек Құрманбек, қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы: «Екі ғимарат иесіз қалды. Талан-таражға түсті. Соны қалпына келтіру үшін, күтімде ұстау үшін өзімізге қарасты «Қуатжылуорталығы» мекемесіне  бердік. Ол мекемеге күтіп ұстау жұмыстары, ауланың тазалығы тапсырылды».

Жергілікті биліктің айтуынша, кеңсе балалар алаңшасын босатпайды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық балаларға қауіптілік тудырмайды дейді. Бұл дегені халық шырылдаған күйінде қалайын деп тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mK0SryzuWP0[/youtube]